ROADSHOW 2020
"THE PEOPLE WHO ARE CRAZY ENOUGH TO THINK THEY CAN CHANGE THE WORLD ARE THE ONES WHO DO."
Steve Jobs
ӨЗ МҮМКІНДІГІҢДІ ЖІБЕРІП АЛМА!
Басым бағыт түрлері
Жасанды сана
Жасанды сана идеясына негізделген жобалар. Қаржы, өнеркәсіп, медицина, адами ресурстарды басқару, қызметкерлерді таңдау, музыка, клиенттерге онлайн және телефон қолдау қызметі, телебайланыс техникалық қызмет көрсету, ойын-сауық, тасылым салаларында санаға ие машиналарды және компьютерлік бағдарламарды құрумен айналысатын жобалар.
Қаржы технологиялары
Онлайн төлеу сервисі, қаржы аудару, P2P валютаны айырбастау, B2B төлеу мен аудару, бұлтты кассалар мен смарт-терминалдар, жаппай төлем сервисі, P2P-кредиттеу, краудфандинг, робо-эдвайзинг, қаржыны жоспарлау бағдарламалары сияқты дәстүрлі қаржы ұйымдарымен, банк және қаржы қызмет көрсету нарығының делдалдарымен бәсекелесу мақсатымен технологиялар мен инновацияларды пайдаланатын жобалар.
Онлайн және мобильді ойындар
Мобильді қолтаңбаларды, әмбебап web-платформаларды, әлеуметтік желідегі ойындарды, ойын платформаларды, толықтырылған және виртуалды шындықтағы ойындарды әзірлеумен айналысатын гейминг жобалар.
Толықтырылған және виртуалды шындық
Ақиқат өмір кескініне компьютерде жасалған суреттерді салатын жобалар. Толықтырылған және виртуалды шындық концепциясын пайдалану оқу және ойын-салық салаларында кең таралған.
Интернет тарату
Таратқыштар мен платформа шешімдер сияқты М2М (machine-to-machine) технологиясын кең колдануға бағытталған жобалар. Интернет тарату саласындағы жобалардың экожүйесі құрылатын технологияларды қолдану.
Білім беру технологиялары
Даралық білім беру, контент ұйымдастыру платформалары, білім басқару жүйесі бар білім беру саласындағы жобалар.
Ақпараттық қауыпсіздік
Ақпаратты кездейсоқ немесе әдейі БЖ әсерінен, корпоративтік клиенттерді қорғауға, мобилді құрылғыны қауыпсіздікпен қамтамасыз етуге, айлакерліктен немесе боямалардан қорғауға бағытталған жобалар.
Үлкен деректер мен машинамен оқыту
Құрылымдалған және құрылымданбаған үлкен деректермен айналысатын, жинау, сақтау, мәліметтерді өңдеу жүйелері сияқты BigData концепциясын пайдаланатын жобалар.
Жарнама мен маркетинг технологиялары
Қысқа мерзімнің ішінде нақты, қаржылай өлшенетін бизнес-нәтижелерге жету мақсатымен, компанияның мақсаттарын және ерекшеліктерін ескере отырып, интернет-маркетинг құралдарын пайдаланатын жобалар.
Платформа және корпоративтік бағдарламалық жасақтама.
Инфрақұрылымдық бағдарламалық жасақтамамен, деректер базасын басқару жүйесімен, тауашалы ERP- және CRM-жүйелерімен айналасатын жобалар. Сондай-ақ, импортты алмастыру мақсатымен құрылатын өнімдер мен шешімдер.
Блокчейн
Блокчейн технологиясын қолданатын жобалар, яғни, жоғары қауыпсіздік пен жазылған ақпараттың анықтығын ұсынатын орталықтандырылмаған тең рангілі желідегі жинау, сақтау, мәліметтерді өңдеу тәсілі.
Робототехника
Коммерцияландыру мақсатымен автоматтандырылған технакалық жүйелерді жасайтын жобалар.
Ағылшын тіліндегі таныстырылымында келесі ақпарат болу керек:
Мәселенің және нарықта бар шешімдерінің сипаттамасы

Сіздің өніміңіздің сипаттамасы және оның артықшылығы

Халықаралық нарыққа шығу стратегиясы

Даму жоспары, трекшн

Команда туралы ақпарат пен байланыс деректері

Тартылған және сұралып отырған инвестициялар туралы ақпарат

БАСТЫ ІРІКТЕУ ӨЛШЕМШАРТЫ*
МАСШТАБТАЛУЛЫҚ
Жобаның шетелге масштабтау мүмкіндігі Бір немесе басқа елдің нарығына шығудың қажеттілігінің нақты дәлелі

СТРАТЕГИЯ
Страгетияның бар болуы және халықаралық нарыққа шығуға дайындығы

ЖОБАНЫҢ САТЫ
MVP, сатулардың бар болуы

ТІЛ
Жоба өкілі ағылшын тілінде жетік сөйлеуі тиіс

ASTANA HUB МҮШЕСІ БОЛЫП ТІРКЕЛУ

* Ұшу, тұру, визаны рәсімдеу және де басқа шығыстарды (Іс-шараға кіру билетінен басқа) келесі стартап-командалар өздері жабады:
- $200 000-нан астам жылдық айналымы бар стартап-командалар;
- Roadshow бағдарламасына бұрын қатысқан стартап-командалар.


ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ РЕТІ
1 КЕЗЕҢ
Қатысуға берілген өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 15 наурыз күніне дейін ашық. Тәуелсіз коммисия мүшелерінің берілген өтінімдерді қарастыру мен келесі кезеңге өту туралы хабарландыру.
2 КЕЗЕҢ
Коммисия мүшелерімен 10-20 минуттық жеке сұхбат (болжалды ағылшын тілінде) арқылы іріктеу. Жеке сұхбат өткізілгенде коммисия мүшелері келесі факторларды белгілейді: жобаның бағдарламада қатысудың мақсаттары мен қажеттілігі, масштабталу стратегиясының бар болуы, шетел серіктестер мен клиентердің бар болуы, инвестиция тарту тәжірибесі, сондай-ақ, іс-шараға қатысу белсенді дайындығына уақыт бөлуге әзірлігі. Roadshow бағдарламасына қатысу туралы соңғы шешімін қабылдау.
3 КЕЗЕҢ
Roadshow бағдарламасына дайындық кезеңіне шақыру: 2 кезеңді өткен командалар іс-шараға 20 күннен бұрын сынақ, дайындық кезеңіне шақырылынады. Бұл кезең бағдарлама қатысушылардың атқарғыштығын анықтайды, мәселені қалай тез және тиімді жүзеге асыратынын бағалайды.
Innovfest Unbound, Сингапур
2020ж.
тамыз
Innovfest Unbound - Smart Nation Innovations жетекші оқиғасы, Азияның инновациялық туындыларды көрсететін апталық іс-шаралар топтамасы. 2020 жылы 100-ден астам елден 20 000-нан астам жеке кәсіпкерлер, брендтер, бірлестіктер, инвесторлар мен технологиялық стартаптар күтулуде. Бұл іс-шарада жаңа идеялармен бөлісу, потенциалды серіктестермен және инвесторлармен қарым-қатынас құруға бірегей мүмкіншілік болады.
WorldNet Summit – жаңашылдар мен болжағыштар үшін қатысуға міндетті іс-шара. Бірігіп, технологияның келешегін кұру мақсатымен технология компаниялардың құрушылары мен басшылары, тез өсетін стартаптар, саясаткерлер мен ел басшылары бірге жиналады. Салалық мекемелерден бастап жаңа бастап жүрген жаңашыларға дейін, барлығы қатысады.
2020ж.
қазан
World Net Summit, Баку, Әзірбайжан
Unbound London, Лондон, Ұлы Британия
Барлық Европа инновациялардың бай бұлақтарын іс-шаралардың ең жетекшілердің бірі Unbound біріктіреді. Европаның ең серпілісті стартаптармен кездесу үшін әйгілі брендтер өкілдері, компания басшылары мен инвосторлар кездеседі. Йосси Вардидің төрағалығымен фестиваль бүкіл әлемнен 5000-нан астам жеке кәсіпкерлерді, компания басшыларды, инвесторларды, брендтерді біріктіреді.
TBA
ІС-ШАРА БАҒДАРЛАМАСЫ
ASTANA HUB ҰСЫНАДЫ
ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ
- pitch deck (жобаның таныстырылымын) даярлау
- Потенциалды инвесторлар мен серіктестерді іздестіруде жәрдем көрсету

ҚАТЫСУ
- Көрмеде қатысу
- Жоба стендін қою

ЛОГИСТИКА
- cтартаптың бір өкілінің ұшып-келуі және орналастыруы
+7 7172 79 97 61 ішкі 209
[email protected]
Мәңгілік Ел даңғылы 55/8, павильон С 4. 6
Нұр-Сұлтан, Қазақстан